Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті мен прокуратурасы бірлесе, «B2B Jewelry» қаржы (инвестиция) пирамидасы қызметін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тексеру-тергеу жұмыстары жалғасуда екенін мәлімдейді деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Олар зергерлік дүкендер желісі ретінде жұмыс істеген және халыққа сатып алған заттың 104%-ы мөлшерінде ақшаны қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды саудалаған.
Сонымен қатар, қызметті тұтынушыларға, «жылына 520% кірісі бар» деген желеумен алтын мен күміс сыйлық сертификаттары сатылған. Бұл жерде бәрі сертификат құны мен пирамидаға тартылған адамдар санына байланысты болған.
Алматылық экономикалық тергеу департаменті өкілдері, салымшылар пирамидаға құйған 560 миллион теңгеден астам соманы, 303 мың АҚШ долларын және 3 500 еуроны тәркілеп отыр.
Ал жалпы Қазақстанның барлық өңірінен 10 мыңнан астам адам қаржы пирамидасын құрушыларға жиған-тергенін әкеп берген.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынған.
«B2B Jewelry» пирамидасы зергерлік дүкендер ретінде әлем бойынша тамырын жаюда екенін атап өткен жөн. Мәселен, жаз айларында, Украинада әшкереленді.
Сондай-ақ, құзырлы орын, оңтүстік астанада заңсыз ойынханалар мен ойын автоматтарын көптеп анықтауда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram