Шетелдік «BBC» бұқаралық ақпарат құралы қазақстандық «Ninety One» тобы туралы жазды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Аталған телеарна бірнеше жыл бұрын сахнаға шыққан орындаушыларды жастар жағы жақсы қабылдағанмен, шаш бояп, тар шалбар, жалпы түрлі-түсті ашық киім киген әншілердің сыртқы келбетімен қоғам тарапынан сынға ұшырағанын еске алады.
Тіпті атышулы топтың концерт қоюына қарсы акциялар ұйымдастырылғаны белгілі.
Біреулер оларды Оңтүстік Кореяда пайда болған сәнді музыкалық жанрға еліктейді десе, топтың өзі «Qazaq pop» мәнерін ұстанатындарын айтады.
Кейбір сарапшылар «Ninety One» тобы Қазақстанға «жұмсақ жігіттер» мәдениетін әкелді деп санайды. Бұл дегеніңіз, ондағы жастар сұсты еркектер кейпімен танылуға тырыспауда.