• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Технология

Жүргізуші куәлігі, паспорт, диплом: жыл соңына дейін бірқатар құжатты рәсімдеу жеңілдейді

Бағдат Мусин цифрландыру саласында болатын жаңалықтармен бөлісті.

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Технология
Жүргізуші куәлігі, паспорт, диплом: жыл соңына дейін бірқатар құжатты рәсімдеу жеңілдейді

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

Share on FacebookShare on Twitter

Үкімет отырысында президенттің кезекті жолдауын іске асыру жөнінде шаралар талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы – бірінші вице-министр Бағдат Мусин алда атқарылатын жұмыстар жайлып айтып берді деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

«Мемлекет басшысы кешегі жолдауында цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша айтсам, өздеріңіз білетіндей, бұл бағытта екі ірі жоба бар: ауылдарға оптикалық желілерді салу және мобильдік кең жолақты интернетті тарату. Осы жұмыстарды жыл соңына дейін операторлармен бірігіп, аяқтаймыз. Бұл 250 адамнан астам тұрғыны бар барлық ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Байланыс операторларына қойылатын талаптарды арттыру бойынша басқа да бірқатар заңнамалық түзетуді пысықтаймыз», – деді Бағдат Мусин үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін қызмет алушылардың egov-қа бір қадам арқылы тіркелуі пысықталып жатыр. Ол биометрия бойынша іске аспақ.

«Бұл қолданушыларға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез келген қызметке қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде көптеген адам egov қызметтерін пайдалана алады. Қызмет алушылар egov-қа тіркелгеннен кейін қағаз құжаттармен қатар сандық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл сервиске жыл соңына дейін келесі құжаттарды шығару жоспарланған: жүргізуші куәлігі, автокөлік техпаспорты, шетелдік төлқұжат, жоғары білім туралы диплом, студенттік билет және тағы басқалар. Сондай-ақ жыл соңына дейін жоғары сұранысқа ие 30-ға жуық анықтаманы алып тастау үшін тиісті интеграциялар жүргізіледі. Ақпараттың шынайылығы QR-код арқылы расталады», – деді Бағдат Мусин.

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда цифрландыру тақырыбына жеке тарау арнап, оның маңыздылығына тоқталған еді.

«Цифрландыру – сәнге айналған үр­діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі­леттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажет­тілікке айналып отыр. Әлеуметтік жағынан осал отбасы­лардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына интернет жүргізіледі. Біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаған кезде халықтың буда-буда қағаз толтырып, сансыз есікті тоздыруға мәжбүр болып жүргенін көріп отырмыз. Мұның бәрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс. Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартқан жөн. Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап етілуін тоқтатып (47-ден 30-ы), мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді тапсырамын. Бізде мекенжай, мүліктік және өзге де анықтамалар бойынша оң тәжірибе бар. Мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дип­ломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс. Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн», – деді Тоқаев.

Биометрия дегеніміз адамдарды бір немесе бірнеше физикалық және мінез-құлық белгісі бойынша тану жүйесі. Биометриялық белгілерге бет және/немесе дененің үшөлшемді суреті, дауыс, саусақ іздері, қолдағы тамырлардың орналасуы, қан тобы, көздің арнайы суреті және т.б. жатады.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: ауылБағдат МусинбиометриядипломеgovЖолдаужүргізуші куәлігіинтернетқұжат алупрезидентҮкімет
Алдыңғы жаңалық

Жолдағы бассыздық. Қару қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Зейнетақы жинағын кімдер пайдалана алады – министр жауабы

Келесі жаңалық
Зейнетақы жинағын кімдер пайдалана алады – министр жауабы

Зейнетақы жинағын кімдер пайдалана алады – министр жауабы

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться