• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Жезөкшелікке немесе құлдыққа салуы мүмкін. Әйелдер үшін маңызды акция (ВИДЕО)

Елімізде құжаты немесе азаматтығы жоқ адамдар түгенделіп жатыр. Полиция тегін көмектеседі.

Басты жаңалықтар, Әлем, Видео, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ішкі істер министрлігі құқықтық мәртебесін айқындау және құжаттандыру мақсатында құжаттары жоқ адамдарды анықтау жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Шара өткен жылдың қазан айында басталған және оның аясында 3 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжат алған.

Олардың көпшілігі Алматы қаласында (300), Алматы (372), Қарағанды (353), Ақмола (279), Жамбыл (276) және Түркістан (284) облыстарында анықталып отыр. Елордада 189 адамға құжат берілген.

Акцияны ағымдағы жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарланғанымен, құжатсыз тұлғалар санын қысқартудың маңыздылығын ескере отырып, жұмысты мамырға дейін ұзарту туралы алқалы шешім қабылданған.

Осы орайда ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаев көші-қон қызметі комитетіне азаматтарды құжаттандыруға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Азаматтығы жоқ адамдарды анықтау әлемдік проблема болып табылады, мұны тексеруге және анықтауға көп уақыт кетеді. Осыған қарамастан, өткен жылы іске қосылған акция мыңдаған адамға құжаттарын алуға көмектесті және алдағы айларда еліміздің тағы бірнеше мың тұрғыны құжаттарын рәсімдей алады», – дейді ол.

Ведомство басшысы аталған акцияның әйелдер үшін маңызы зор екенін атап өтті. Жас келіншектерден күйеулері немесе бірге тұратын адамдары құжаттарын тартып алатын жағдайлар кездесіп жатады. Сонымен қатар, әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін немесе еңбек құлдығына түсіретін кездер болады.

«Егер әйелдер осындай жағдайға тап болса, олар аумақтық көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіне алады немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жібере алады. Полиция қызметкерлері құжаттарды заңды түрде тегін рәсімдеуге көмектеседі», – дейді министр.

Азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға және құжаттармен қамтамасыз ету рәсіміне үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар үлкен көмек көрсетуде. ІІМ құқық қорғаушыларға және барлық бей-жай қарамайтын жандарға азаматтығы жоқ адамдардың проблемаларын шешуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Ескертетін жайт, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтар мен міндеттерге ие. Олар бәрімен бірдей жұмысқа орналасып, емханалардан қызмет, білім ала алады.

Тегтер: 102азаматтықакцияәйелдерерлан тұрғымбаевжекөкшелікішкі істер министрлігікөші-қон полициясыҚазақстанқұжатқұқық қорғауқұлдықта ұстау
Алдыңғы жаңалық

Наурыз мейрамын көрісуден бастап, жоралғы күнімен аяқтаймыз

Келесі жаңалық

Ер адамға аяғы ауыр деп ота жасап қойды

Келесі жаңалық
Ер адамға аяғы ауыр деп ота жасап қойды

Ер адамға аяғы ауыр деп ота жасап қойды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться