Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге қатысты және басқа да бірқатар жаңа заңға қол қойды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Осылайша ауыр және аса ауыр парақорлық қылмыстары бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын түрмеден шығаруға тыйым салынып отыр.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер мен парламент депутаттары және соттар шетелдік банктерде есепшот аша алмайды. Алайда олардың отбасы мүшелері олай істеуге рұқсат етілген.
Бұдан тыс, елімізде заң бұзған шетелдіктерді Қазақстан аумағынан шығару мәселесі нақтыланып, еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілуде.