Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі теміржолда жол жүру билеттерін ресімдеудің жаңа жүйесіне толық көшу жүзеге асырылды деп мәлімдейді. Бұл электрондық жүйе халыққа билет сатып алу шарттарын едәуір жақсартпақ деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Сондай-ақ, орын болмаған жағдайда жолаушыға өтінім жасауға мүмкіндік беретін «Күту парағы» сияқты жаңа қызметтер пайда болған. Сол бойынша бос орын пайда болғанда (билеттер қайтарылған жағдайда) жолаушының электрондық поштасына хабарлама жіберіледі.
Сонымен қатар, 2019 жылдың тамыз айында жолаушыларды тасымалдау ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ мүгедек балаларға әлеуметтік маңызы бар бағыттарға билет 50% жеңілдікпен сатылмақ.
«Тұлпар-Тальго «коммерциялық поездарында (субсидияланбайтын) тасымалдаушының қалауы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мамандандырылған орындарға 70% жеңілдік белгіленген.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 26 маусымынан бастап, bilet.railways.kz сайтында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдікті билеттерді онлайн ресімдейтін жаңа қызмет пайда болған. Ондай билеттерді онлайн ресімдеу үшін жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасында (бір рет) тіркеуден өткізіп, бірегей символдар жиынтығы бар «Мейірім» электронды дисконттық картасын алуы қажет. Тіркелгеннен кейін жолаушы билеттерді үйден шықпай-ақ жеңілдетілген бағамен онлайн сатып ала алады. Электрондық карта белсендірілген сәттен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Және оның мерзімін ұзарту жолаушыдан өтінімді қайта алмай-ақ жүргізілмек.