Нұр-Сұлтан қаласында 4 жалған нөмірмен жүрген автокөлік жүргізушісі жол-көлік ережесін 4 млн теңгеден астам сомаға бұзған деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Оның үстіне ер адам астындағы машинаны жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Оны ұстап алған полиция қызметкерлері осылай деп отыр.
Салдарында 27 жастағы заң бұзушыға әкімшілік іс қозғалып, 83 340 теңгеге тең 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Темір тұлпар айыппұл тұрағына қаңтарылса, «жүрегінің түгі бар» жүргізушінің ісі сотқа жіберілді.