• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда ол әркімнің өз еркі

Қазақстан мұсылмандарының басқармасы коронавирус вакцинасына байланысты мәлімдеме жасады.

Технология, Әлем, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Балаларға екпе салынбайды. Коронавирус вакцинасы ерікті, бас тартуға болады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өз сайтында коронавирус індетіне қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген.

Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс», делінген мүфтият мәлімдемесінде.

Арнайы медицина мамандарының қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтқанын келтіре отырып, ҚМДБ шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болатынын жазады. Алайда, сонымен қатар, екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі екенін ескертеді.

«Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін!», – деп тілейді дін қызметкерлері.

Осы орайда еске сала кетсек, Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы да елімізде биылғы 1 ақпаннан салу қолға алынған «Спутник V» құрамын тексеріп, алдын ала зерттеу бойынша, мұсылмандарға қабылдауға тыйым салынған заттардың белгісін таппағанын мәлімдеді. Себебі бұған дейін мұсылман қауымды вакцина құрамында шошқа желатины бар ма деген күдік алаңдатқан болатын. Дегенмен, келесі аптада көрші елдегі дін мамандары вакцинаны жасаушы ғылыми институттар өкілдерімен бас қосып, пәтуа шығармақ ниетте.

 

Тегтер: вакцинаекпекоронавирусҚазақстанҚМДБмәлімдемеРесейСпутник V
Алдыңғы жаңалық

Дәрігерлер қазасы: Алексей Цой көңіл айтты

Келесі жаңалық

Аяғынан ұстап қалды. Өрт сөндірушілер де құтқару шарасына атсалысқандарын айтады

Келесі жаңалық
Аяғынан ұстап қалды. Өрт сөндірушілер де құтқару шарасына атсалысқандарын айтады

Аяғынан ұстап қалды. Өрт сөндірушілер де құтқару шарасына атсалысқандарын айтады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться