• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Вице-министрлер вакцинаны екінші рет салдырды. Бас санитарлық дәрігер өзін жақсы сезінеді

Оларға үш күн жуынуға болмайды. Кем дегенде 20 мың қазақстандық екпе жасатып үлгерді.

Әлем, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Талдау
Вице-министрлер вакцинаны екінші рет салдырды. Бас санитарлық дәрігер өзін жақсы сезінеді

Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов

Share on FacebookShare on Twitter

ҚР денсаулық сақтау вице-министрлері Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасын екінші рет салдырды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары екпені бұл жолы да алғашқыдай Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада салдырып, өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді. Содан кейін ережеге сай жарты сағат медициналық бақылауда отырды. Өткенге қарағанда вакцинаны салу рәсімі БАҚ өкілдеріне шектеліп, онлайн жүргізілді.

«Үш күн суға түсуге болмайды. Қорықпаңыз, әлсіздік болуы мүмкін», – деп сендірді дәрігер.

Дегенмен, бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, вакцинаның толық курсын алғаннан соң коронавирус инфекциясынан толық қорғалатынын сезінетінін айтады. Ол профилактикалық егудің мақсаты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру екенін атап өтті. Бүгінде, министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, COVID-19 қарсы вакцинация қауіпті инфекциямен күресудің жалғыз тиімді әдісі және қатаң шектеулердің баламасы болып табылуда.

Ерлан Қиясов елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп жатқанына назар аударды. Өңірлерде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасы қолжетімді, оның өндірісі Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында жолға қойылған.

«Мен үнемі вакцинация алып келемін. Бұл ең бірінші қорғаныш құралы, яғни Қазақстан вакцинаға қол жеткізген алғашқы елдердің қатарында екеніне қуануымыз керек», – деген еді бірінші рет салдыртқанда Ажар Ғиният.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау вице-министрлері, 2021 жылдың 1 ақпанында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып қабылдады.

21 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын 19 764 медицина қызметкері алды. Жағымсыз реакция анықталмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Спутник V» вакцинасының тиімділігі шамамен 96%-ды құрайды.

Бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар ауруханаларының еңбеккерлері, жедел медициналық көмек мамандары вакцина салдырды. Екінші кезеңде – наурыз айынан бастап – күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, сәуірден бастап – студенттер және мамырдан бастап қалған азаматтар қамтылмақ.

Вакцинаны ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады және оны қабылдау егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдаға рұқсат етілген. Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді және вакцина жайлы толық хабардар етіледі, нәтижесінде жазбаша келісімге немесе профилактикалық егуден бас тарту туралы құжатқа қол қояды. Екі сатылы вакцина арасындағы уақыт – 21 күн.

Тегтер: Ажар Ғиниятбас санитарлық дәрігервакцинавице-министрлерЕрлан ҚиясовкоронавирусҚазақстанРесейСпутник V
Алдыңғы жаңалық

Шенеунік көшелерге туғандарының атын қойып тастағысы келді

Келесі жаңалық

Діни басқарма желілік маркетингтің үкімін жариялады

Келесі жаңалық
Діни басқарма желілік маркетингтің үкімін жариялады

Діни басқарма желілік маркетингтің үкімін жариялады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться