• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Вакцина салдыруға дайынмын – Сағынтаев

Шаһар басшысы осылай деді

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан
Вакцина салдыруға дайынмын – Сағынтаев
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халық алдында есеп берді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

Луиза есімді мейірбике әкімге сауал қойды.

«Сізге қояр сұрағым КВИ вакцинациясына байланысты. Екпе жасатуға дайын азаматтарға вакцина қашан салынады? Сіз өзіңіз осы екпені алдыңыз ба?», – деп сұрады Жетісу ауданының тұрғыны.

Сауалға Бақытжан Сағынтаев келесідей жауап берді.

«Өздеріңіз білесіздер, вакцинация жыл соңында басталған. QazCovid-in екпесін бізден екі мың ерікті алды. Екі «уколын» да салдырды. Ешқандай қиын жағдайлар болған жоқ. Кішкене ғана жанама әсері болды, ал басқасының бәрі дұрыс. Енді осы бірінші ақпаннан бастап тағы да вакцина келді. Медицина қызметкерлері сол бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз енді негізгі көлемін наурыз айынан бастап қабылдаймыз. Ол жаңағы ресейлік «Cпутник V» бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер Қазақстан Ресеймен екі миллион дозаға келісімшарт жасасқан. Біздің квотамыз бойынша бірінші жартыжылдықта 150 мың дозаны Алматыға қабылдап аламыз. Яғни, 150 мың азаматымыз сол «Cпутник V» ресейлік екпесін салғызады. Енді одан бөлек біздің QazCovid-in бойынша мына үшінші сараптама жұмыстары жүріп жатыр. Ол маусым айында дайын болса, яғни екінші жартыжылдықта қосымша өзіміздің QazCovid-in вакцинасы айналымға түссе, онда біздегі екпелер саны өседі. Сол кезде жаппай жұмыстар жүргіземіз. Жалпы, мына халықтың бәріне екпе салу жұмысы вакцина көбірек түскен кезден басталады. Ол шамамен наурыздың аяғы, сәуірдің басы. Негізгі тәуекел топтар: дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері өткеннен кейін жалпы халықты екпе жұмыстарына жұмылдыру мәселесі қарастырылады. Мен де жалпы халық, азамат ретінде вакцина алуға дайынмын», – деп жауап берді мегаполис басшысы.

Бұған дейін шаһар басшысы Алматыда қисайған үйлер проблемасы қалай шешілетінін айтқан болатын. Нақтырақ айтсақ, ол Алатау ауданы Зерделі ықшам ауданындағы қисық үйлер мәселесі бойынша сұраққа жауап берді.

«Мен бұл мәселе бойынша өздеріңізбен жиі кездесіп жүрмін. Өткен екі-үш аптаның ішінде тағы да барып қайттым. Жасалып жатқан жұмыстардың бағдарын қарап өттім. Енді жұмыстың қиындығына байланысты барлық үйді қысқа мерзімде бітіруге мүмкіндік жоқ. Өйткені барлық техникалық қауіпсіздік жағдайын сақтауымыз керек. Осыған байланысты қазір негізгі ең ауыр халдегі үйдің бәрі қалпына келтіріліп жатыр. Біз биыл тағы да он үйге жұмыс жүргізу мәселесі бойынша алдағы уақытта – келесі ақпанның соңына дейін бюджетімізге толықтырулар енгіземіз. Сол жерде қосымша тағы да екі миллиардтың үстінде ақша бөліп, жыл соңына дейін он үйді қалпына келтіреміз. Қалған үй өз кезегімен келесі жылы аяқталады. (…) Болашақта бұл үйдің бәрі бізге, әсіресе сол үйде тұрып жатқан қала тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмеуі қажет. Ұйқылары тыныш болуы керек. Ол жердегі жұмыс ылғи да қадағаланып, бақыланып отыр. Бұл жұмыс біткенге дейін өздеріңізбен бірге тексеріп тұрамыз», – деп мегаполис басшысы Зерделі тұрғындарына уәде берді.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: АлматыБақытжан Сағынтаеввакцинаесеп берукездесуҚазақстан
Алдыңғы жаңалық

Алматыда қисайған үйлер проблемасы қалай шешілмек

Келесі жаңалық

Шаршатты: Алматы әкімі «Алтын орда» жолы қашан салынып бітетінін айтты

Келесі жаңалық
Шаршатты: Алматы әкімі «Алтын орда» жолы қашан салынып бітетінін айтты

Шаршатты: Алматы әкімі «Алтын орда» жолы қашан салынып бітетінін айтты

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться