Ел оңтүстігінде аядай темір вагонда тұрып келген жалғызбасты әрі көпбалалы әке Санжан Абылаевқа 5 бөлмелі үйдің кілті табысталды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Жағымды жаңалықты қазір Шымкент қаласына жұмыс бабымен көшіп барған белгілі әнші Сәкен Майғазиев жеткізді.
«Білесіздер ме, Санжар бала күнінде көршілерінің балаларын арқалап жүреді екен. Сол қамқор жүрек қалай лайлансын?!
Кейде жалғыз ұлдарының жап-жаңа киімдерін беріп жіберсе, алмай қайтарады екен. Сонда таңданған мұғалімдер «неге заттарды алмайсыз?» десе, «сіздер менің балаларымды алып қояйын» деп жүрсіздер. Мені ажыратпаңдаршы» деп жылапты…
Міне, жүрек! Санжар азаматтың балаларына деген махаббаты талайға үлгі болсын. Әсіресе мүгедек бала туған асыл жарларын тастап кететін әкелерге…
Әрине, біз біреудің тағдырын таразыға салатын құзіреттен адамыз. Бәріміз пендеміз. Уақытша берілген өмірдің қонағымыз. Ең бастысы, еліміз аман болсын! Санжардың баспанасы құтты болсын!», – деп тебіренді Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы Сәкен Майғазиев.
Қайырымды іске айтыскер ақын, «Айдың нұры» қорының құрылтайшысы әрі Айнұр Тұрсынбаева қол ұшын созған.
100 шаршы метр жеке жер үйдің ішінде барлық жағдай жасалған. Ауласында монша да бар.
«Қазақ – жомарт халық, еш шеттеткен жоқ. Рахмет сіздерге, Алла разы болсын», – дейді Қазақстанға Өзбекстаннан қоныс аударған қандас Санжар Абылаев қуаныштан көзіне жас алып.
Посмотреть эту публикацию в Instagram