Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару және оқ-дәрілер заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды DalaInform ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылғы 21 қарашада комитет Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті, әкімшілік полиция комитеті әрі Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, заңсыз айналымнан «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.
«ҰҚК жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы ақпарат алды. Ғимарат периметрі қоршалмаған, қару сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзет тек екі қызметкердің күшімен қамтамасыз етілген. Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы мәлімет түскен. Сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол берілген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды», – делінген деректе.
Нәтижесінде 254 тіркелмеген атыс қаруы әрі 38 жарақат салатын қару, бұған қоса 4600 түрлі оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Аталған факт қылмыстық кодекстің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасып жатыр.