• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Тұрғын үй кезегі сақталады. Жәрдемақы жақсарады

Жаңа әлеуметтік қорғау министрі Мәжіліс депутаттарына заңға енгізілетін өзгерістерді таныстырды.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Тұрғын үй кезегі сақталады. Жәрдемақы жақсарады

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында кейбір заңнамалық актілерге азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасын таныстырды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Заң жобасында бірқатар жаңалықтар бар.

Бірінші. Мүгедектіктің себебіне қарамастан I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын жандарға жәрдемақы енгізу. Осы жәрдемақымен 24 мыңға жуық адам қамтылмақ.

Екінші. 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу ұсынылады және оларға жәрдемақылардың мөлшері ұлғаю жағына қарай қайта қаралатын болады. Шара 31 мыңнан астам адамды қамтиды.

«Бұл норма Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын Байқоңырда тұратын мүгедектігі бар балаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне, ал Қазақстан заңнамасы бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне оң әсер етеді», – дейді министр.

Үшінші. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедектігі бар балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Шара 2 мыңға жуық мүгедектігі бар балаға қатысты болады.

Төртінші. Халықаралық тәжірибені ескере отырып (Жапония, Германия, Франция), мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындаудың баламасы ретінде 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналарын енгізу ұсынылады.

«Жинақталған қаражат жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге: арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға; мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті дағдыларға оқытуды ұйымдастыруға; әлеуетті жұмыс берушілерде мүгедек адамдардың ақы төленетін тағылымдамаларын ұйымдастыруға бағытталатын болады», – дейді Серік Шәпкенов.

Бесінші. Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдардың алдында жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда оларға мемлекет есебінен техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады.

Алтыншы. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және бала I және II топтағы мүгедек мәртебесіне көшкеннен кейін де мемлекеттік қордан тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығы сақталатын болады. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына кезектілікті сақтауға мүмкіндік береді.

Жетінші. Еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасының кепілдік берілген деңгейін (республикалық бюджеттен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша осындай ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде) белгілеу.

Сегізінші. Мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту, бұрын мүгедектігі бар баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілді. Бұл норма мүгедектігі бар балалардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындауға оң әсерін тигізеді.

 

Тегтер: Байқоңырбала күтіміЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіжәрдемақызаң жобасыМәжілісмүгедектігі бар адамРесейСерік Шәпкеновтұрғын үй кезегі
Алдыңғы жаңалық

Әскерилер ел билігін басып алды. Төтенше жағдай енгізілді

Келесі жаңалық

Қазақстан футболшылары Тәжікстаннан ойсырай ұтылды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Қазақстан футболшылары Тәжікстаннан ойсырай ұтылды (ВИДЕО)

Қазақстан футболшылары Тәжікстаннан ойсырай ұтылды (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться