• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Тұңғыш президент күні Назарбаевты кімдер құттықтап жатыр

Бүгін - тұңғыш президент күні

Басты жаңалықтар, Әлем, Жаңалықтар, Қазақстан, Пікір, Саясат
Тұңғыш президент күні Назарбаевты кімдер құттықтап жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның тұңғыш президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды DalaInform elbasy.kz порталына сілтеме жасап.

Елбасының атына шетелдік мемлекет басшылары, экс-президенттер, бұрынғы үкімет басшылары және саяси қайраткерлер, алыс-жақын шетелдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түсті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт пен ел игілігі жолындағы қызметіне мол табыс, ал Қазақстан халқына тыныштық, бақ-береке, орнықты даму және бақуаттылық тіледі.

«Тұңғыш президент күні – көпұлтты ел халқының тарихи таңдауы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ұлт бірлігі және келісімінің ерекше символы. Сіз ұзақ жыл бойы Қазақстан көшбасшысы, барлық саладағы тиімді реформалар мен тәуелсіз елдің ғаламат жетістіктерінің негізін қалаушы, әлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық бастамалардың авторы, тәжірибелі әрі танымал саясаткер, халқына және туған жеріне қызмет етуді өзінің қастерлі парызы санайтын білікті басшы ретінде көпшілікке танылып, үлкен құрметке ие болдыңыз», – делінген жеделхатта.

Америка құрама штаттарының 66-шы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өз құттықтауында Қазақстанның қарқынды дамуындағы елбасының ерекше рөлін атап өтті.

«Біздің тұңғыш президентіміз Джордж Вашингтон америкалық құндылықтарды болашақта атқаратын істеріміздің негізіне айналдыра білді. Сіз ел үшін де дәл осындай игі жұмыс атқардыңыз. Сіздің ядролық қарудан бас тарту мен ғажап елорданы салудан бастап, бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел», – делінген хатта.

Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл өз құттықтауында елбасының жас мемлекетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін айтты.

«Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Қазақ халқының жарқын болашағына сенімдімін. Елдің түркі әлемінде алатын орны бөлек. Қазақ-түрік қатынасының өркендей беруіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр тұңғыш президенттің тәуелсіз ел тарихындағы маңызды рөлін атап өткен.

«Қазақстан табысы және тұрақтылығы көбіне президент Назарбаевтың басшылығымен байланысты. Елді күтіп тұрған барлық қиындық пен реформаға қарамастан, қазір мемлекет болашаққа нық сеніммен қарай алады», – деді Т.Блэр.

Сондай-ақ елбасыға жылы лебіздерін және қолдауын Эстонияның экс-президенті Арнольд Рюйтель, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы, Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун, Еуропа қайта құру мен даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали, Испания үкіметінің бұрынғы басшысы Хосе Мария Аснар, Италия экс-премьер-министрі Романо Проди, Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі Франко Фраттини, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, басты иудей ұйымдары жетекшілері конференциясы төрағасының орынбасары Малькольм Хенлайнн, «Chevron Corporation» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы және бас директоры Кен Дерр білдірді.

Тегтер: Қазақстанқұттықтауназарбаевтұңғыш президент күні
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Қарақат Башанованы құттықтады (видео)

Келесі жаңалық

Елордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Келесі жаңалық
Елордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Елордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться