• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Видео

Түркістан облысының тұрғындары тапанша ұстап видеоға түскен

Тапаншамен түсірілген әзіл бейнежазба үшін төлебилік жігіттер жауапқа тартылды

Жаңалықтар, Видео, Қазақстан, Қоғам
Түркістан облысының тұрғындары тапанша ұстап видеоға түскен
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының сақшылары тапанша ұстап желіге бейнежазба жариялаған жігіттерді анықтады, деп хабарлайды DalaInform полицияға сілтеме жасап.

«Түркістан облысының тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Instagram қолданушыларының бірінің парақшасында жарияланған бейнежазбаға назар аударды. Онда жас жігіт қолына екі бірдей тапаншаны ұстап, боғауыз сөздер айтқан. Сондай-ақ бейнежазбада басқа да азаматтардың дауыстары естіледі. Полицейлер аталған жазба бойынша жедел іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Төлеби аудандық криминалдық полиция мамандары бейнежазба түсірген жігіттердің Төлеби ауданы Леңгір қаласының жергілікті тұрғындары екенін анықтады. Олар ойыншық тапанша ұстап, ВАЗ 21014 маркалы көлігінің артқы жағында тұрып бейнежазба түсірген. Содан соң желідегі жеке парақшасына жариялаған», – делінген ақпаратта.

Polisia.kz мәліметінше, сақшылар үш жігітке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбасын деді. Сонымен қатар жергілікті тұрғынның парақшасындағы бейнежазба өшірілді.

«Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары, 2021 жылы ақпан айында Instagram желісінде таралған бейнежазба бойынша кешірім сұраймын. Ондағы тапанша – қару емес, ойыншық. Біз бұл бейнежазбаны қылмысқа шақыру мен насихаттау мақсатында емес, достардың арасында әзіл үшін түсірген болатынбыз», – деп ақталды үш жігіт.

Облыс тәртіп сақшыларының ескертуі: құрметті тұрғындар, әлеуметтік желіде кез келген жарияланымды жариялау кезінде оның мазмұнына және көрінісіне мән беріңіз. Сонымен қатар ата-аналар, балаларыңызға әр қылмыс немесе құқықбұзушылық салдары заң түріндегі жауапқа әкелетінін ескертіңіз.

Тегтер: Қазақстанполициятапаншамен видеоТүркістан облысы
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Келесі жаңалық

Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық
Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться