Астанада тәртіп сақшылары Манатау көшесін аралау барысында күдікті ер адамды байқап қалады. Оны тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде түйсіктің алдамағаны айқындалды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Полицияны көргенде мазасыздана бастаған адамнан тінту нәтижесінде үш «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылғанымен, ол бұл заттардың кімге тиесілі екенін түсіндіре алмаған.
Аудандық полиция басқармасына жеткізілген ер адамның мас екені анықталды.
Ал дәл сол күні арыз жазған қала тұрғынының «Самсунг» телефоны ұрланған болып шықты.
Бұрын сотталған, 45 жастағы ұсталған жан қолымен істегендерін мойындағаны мәлімделіп отыр.