Америка Құрама Штаттарының Атлантик-Сити қаласында бұған дейін экс-президент Дональд Трампқа тиесілі болған «Trump Plaza» қонақүй-казиносын жару арқылы құлатты деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Себебі 39 қабаттан тұратын ғимараттың өзі, 2014 жылы жабылып, мыңдаған адам жұмыссыз қалған соң біртіндеп тозып, қирай бастаған. Сондықтан қала әкімшілігі былтыр оны сырып тастау жайлы нұсқау түсірген.
Зәулім жайды жою жұмыстарын бақылауға көптеген тұрғындар жиналды. Тіпті, қала билігі, жарылысты бастауға мүмкіндік беретін батырманы басуды бәссаудаға салып, 1 миллион долларға дейін табыс табуды ойлаған. Алайда мұндай идеядан ғимараттың қазіргі иесі, Трамптың жақтасы Карл Ичан бас тартқан.