• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Тоқаев жолдау жайлы: артық айтылған ештеңе жоқ, бәрін іске асыруға болады

Президент өз жолдауы жайлы сөз қозғады

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Экономика
Тоқаев жолдау жайлы: артық айтылған ештеңе жоқ, бәрін іске асыруға болады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды DalaInform тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты.

Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы.

Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Шикізат облыстағы 12 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтарынан сатып алынады.

Тоқаев компанияның өндіріс қарқынын арттырудың жоспарымен танысып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар міндет қойған болатын. Бүгін кәсіпкерлерді жолдауды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.

«Жолдаудың әр сөзін ой елегінен өткізіп отырып, жұмыс істедім. Бұл құжат менің өз қаламымнан шықты. Артық айтылған ештеңе жоқ, бәрін іске асыруға болады. Барлық басшыларды, кәсіпкерлерді жолдауды толық жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудың да маңызды екенін атап өтті.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекет және үкіметке қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды. Белгілі себептерге байланысты шешімін таппаған көптеген міндеттер, қазіргі уақытта, Жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы орындалуда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы да, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері де шешімін тауып келеді», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөз соңында кәсіпорын басшылығына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар президент бастамасы бойынша өткізіліп отырған реформаларға қолдау білдіріп, жолдауда айтылған мақсаттарға қол жеткізуге белсенді атсалысуға дайын екендерін айтты.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: бизнесЖолдаукәсіпкерлерҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевөнімдерөңірэкономика
Алдыңғы жаңалық

Бірінші тоқсан онлайн форматта өтеді – Цой

Келесі жаңалық

Ерлі-зайыпты аға лейтенанттар. Полиция отбасы қазақстандықтарға бақыт тілейді

Келесі жаңалық
Ерлі-зайыпты аға лейтенанттар. Полиция отбасы қазақстандықтарға бақыт тілейді

Ерлі-зайыпты аға лейтенанттар. Полиция отбасы қазақстандықтарға бақыт тілейді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться