• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Тоқаев ұлттық банк төрағасы мен экономика министрін қабылдады

Кездесуде бірқатар маңызды мәселе қаралды

Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат, Экономика
Тоқаев ұлттық банк төрағасы мен экономика министрін қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевпен кездесті, деп хабарлайды DalaInform Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, ұлттық банктегі алтынвалюта резервінің жай-күйі, ұлттық қор активтері туралы баяндалды. Ұлттық банк қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде де мәлімет берілді.

«Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша, президент елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді», – делінген ақпаратта.

Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады.

Мемлекет басшысына экономикалық өсімді қалпына келтіруге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жайында баяндалды. Экономиканы басқаратын құрылымдарды, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін жетілдіру, инвестиция тарту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту мәселелері сөз болды.

«Тоқаев ауылдық жерлерді дамыту перспективасына, соның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасына ерекше назар аударды. Осы бастама аясында бес жыл ішінде 3500 ауылды жаңғырту көзделіп отыр. Президент ауылдық жерлердегі инфрақұрылым сапасын қалалық деңгейдегі стандартқа жақындатуды тапсырды. Кездесу барысында микро әрі шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторий үш жыл ішінде 100 мыңға жуық тексеріс жүргізуді болдырмауға мүмкіндік беретіні айтылды. Бұл бизнесті ретке келтіру ісінің жаңа парағын ашуға оң ықпал етеді», – делінген мәліметте.

Мемлекет басшысы министрге бизнес жүргізу ісін реттеу, салық салуды жеңілдету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Тегтер: АқордаҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевминистрҰлттық банкэкономика
Алдыңғы жаңалық

Коронавирус: ауылдық жерлерге 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізіледі

Келесі жаңалық

Таразда бір үйдегі 2 сәби өрттен қайтыс болды. Былтыр елордада бірден 5 бала өрт салдарынан көз жұмған еді

Келесі жаңалық
Таразда бір үйдегі 2 сәби өрттен қайтыс болды. Былтыр елордада бірден 5 бала өрт салдарынан көз жұмған еді

Таразда бір үйдегі 2 сәби өрттен қайтыс болды. Былтыр елордада бірден 5 бала өрт салдарынан көз жұмған еді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться