• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

Тоқаев сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізуді ұсынды

Бұл жазуды барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне енгізген жөн, деді ол

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Саясат, Талдау
Тоқаев сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы парламенттің 1-сессиясының ашылуына қатысып, бірқатар өзекті мәселе көтерді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

«Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік. Парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Осылайша, еліміздегі көппартиялықты дамытуға және парламентаризмді нығайтуға едәуір серпін бердік. Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Кейбір партиялардың мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білімді, білікті азаматтар бар. Солар парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселені дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді. Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді. Өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады. Осы мақсатта электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланған абзал. Депутаттар «жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде ресімдеуі керек. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн», – деді президент жиында.

Бұған қоса, Ақорда твиттер-трансляциясындағы мәліметке сай, мемлекет басшысы балалар құқығы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бізде омбудсмен институты бар. Бірақ ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдау керек.

«Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктер қарастырған жөн», – деп толықтырды Тоқаев.

«Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер ең алдымен парламентте талқылануға тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек. Депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн. Парламент – ел мүддесі үшін тер төгіп, аянбай қызмет істейтін қайнаған жұмыстың ортасы. Халқымыз бізден оң өзгерістер күтетінін әрдайым есте ұстаған абзал», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін президент депутаттардың қызметіне баға берген болатын.

«Өткен шақырылым депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бес жылға жуық уақытта парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым жемісті жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр», – деген еді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ сот жүйесі жабық корпорация болмауға тиіс деген болатын.

«Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома, ақиқат. Осы орайда, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек. Сот жүйесі жабық корпорация болмауға тиіс. Сондықтан сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олардың кәсіби тәжірибесімен қатар, жеке қасиеттерін де ескерген абзал», – деді Тоқаев.

Ауыл жолдары 100 пайыз жөнделеді деп те уәде берді.

«Жаңа стандарттарға сәйкес, 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ бүгін президент үкімет жұмысы туралы жарлыққа қол қойды. Үкімет жаңадан сайланған мәжіліс алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Министрлер кабинеті өкілеттігін доғару оның мүшелері өкілеттігінің тоқтауын білдіреді. Олар өз міндетін жаңа құрам бекітілгенге дейін орындайды. Дегенмен елімізде премьер-министр ауыспауы мүмкін. Себебі кеше Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарын егер премьер-министр қызметіне Асқар Мамин қайта ұсынылса, оның кандидатурасын қолдауды сұрады. Елбасының пікірінше, қазіргі үкімет барлық қиындыққа қарамастан өз жұмысын жақсы атқарды. Ол сабақтастық сақтау қажет деп есептейді.

«Біз барлық қалған елдерге қарағанда жаман емес нәтиже көрсеттік. Егер мемлекет басшысы Тоқаев Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деді Назарбаев.

Мамин басқаратын қазіргі министрлер кабинеті 2019 жылғы 25 ақпанда, Назарбаев Бақытжан Сағынтаев үкіметін отставкаға жібергеннен кейін құрылды.

Кеше елбасы парламент мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты. Жиын барысында мәжілістегі басшылық лауазымдарға кандидаттар ұсыну бойынша фракцияның ортақ ұстанымы әзірленді. Оған сәйкес, мәжіліс төрағасы қызметіне Н.Нығматулин, мәжіліс төрағасының орынбасарлары қызметіне П.Казанцев пен Б.Кесебаева, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне Ж.Нұрманбетова, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қ.Мусин, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне М.Құсайынов, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне А.Құспан, экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметіне А.Рау ұсынылды.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: бюллетеніҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевсайлау
Алдыңғы жаңалық

Ауыл жолдары 100 пайыз жөнделеді – президент

Келесі жаңалық

Венгрия жоғары оқу орындарында қазақстандықтарға 250 грант бөліп отыр

Келесі жаңалық
Венгрия жоғары оқу орындарында қазақстандықтарға 250 грант бөліп отыр

Венгрия жоғары оқу орындарында қазақстандықтарға 250 грант бөліп отыр

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться