• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Тоқаев Қытай министрімен кездесті

Мемлекет басшысы ҚХР сыртқы істер министрімен жүздесті

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
Тоқаев Қытай министрімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады, деп хабарлайды DalaInform тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Тоқаев тығыз саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қатынастарының даму қарқыны мен достық байланыстарды жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстандық өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттайтын өнімдерінің, атап айтқанда дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен».

Президент жан-жақты стратегиялық серіктестікке қосымша серпін беру мақсатымен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді. Си Цзиньпиннің айтуынша:

«Қазақстан – аймақтағы маңызды стратегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игілігі жолында өзара ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға әзір».

Қытай дипломаты «ҚХР басшылығы ҚР президенті жариялаған Қазақстан қоғамының қажеттіліктерін ескере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құптайды» деді.

Сонымен қатар Ван И ҚХР-дің екіжақты күн тәртібінің маңызды бөлігі саналатын Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөнінде де пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай тарапына уақытылы көрсетілген гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдіріп, пандемияға қарсы күресте бірлескен шара қолдануға әзір екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Ван Имен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: Ван ИелбасыкоронавирусҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚХРҚытайНұрсұлтан Назарбаевпандемияпрезидентсыртқы істер министріэкономика
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында жоғалған бозбала өлі табылды

Келесі жаңалық

Шымкентте дүкен өртеген ер адам ұсталды

Келесі жаңалық
Шымкентте дүкен өртеген ер адам ұсталды

Шымкентте дүкен өртеген ер адам ұсталды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться