• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады (видео)

Отанымыз өркендей берсін, деді президент

Басты жаңалықтар, Видео, Жаңалықтар, Қазақстан
фото: Ақорда

фото: Ақорда

Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2021 жылмен құттықтады, деп хабарлайды DalaInform Ақордаға сілтеме жасап.

«Қадірлі отандастар! Санаулы минуттан соң 2020 жыл тарих қойнауына енеді. Осы мерейлі мезетте ескі жылмен қоштасып, болашаққа бағдар түземіз. Бұл – бәріміз жайдары көңілмен бір-бірімізге ақ тілек арнайтын айрықша сәт.

Өтіп бара жатқан жыл күллі әлем жұртшылығының есінде қалатын ерекше жыл болды. Дүние жүзі бұрын-соңды болмаған алапат індетпен бетпе-бет келді.  Біздің халқымызға да оның зардабы тиді. Осындай қиын кезеңде тұтас ұлт болып бірлігіміздің қадір-қасиетін жете сезіндік. Дертке шалдыққан әрбір адамның тезірек сауығып кетуін тіледік. Бірақ, індет адам талғамайды. Пандемияның салдарынан көптеген азаматтарымыздан айырылып қалдық. Олардың ішінде елімізді өркендетуге зор үлес қосқан танымал тұлғалар да бар.  Өмірден өткен адамдардың имандары саламат болсын! Енді мұндай қасірет қайталанбасын. Бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр азамат мемлекеттің қамқорлығында болады. Алдағы жылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз.  Оны азаматтардың қалауымен, ерікті түрде жүргіземіз.

Осы күрделі кезеңде халқымыз береке-бірлігі мен ынтымағын арттыра түсті. Отандастарымыз бір-біріне қол ұшын беріп, жанашырлық танытты. Бұл – шын мәнінде, ізгілік пен қайырымдылықтың үлгісі.  Ең бастысы, біз бәріміз бірге болдық. Мемлекет тарапынан миллиондаған адамға қолдау жасалды. Біз қоғамның игілігі үшін қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың жұмысын бағалай білдік. Дәрігерлер, мұғалімдер, тәртіп сақшылары, еріктілердің ерен ерлігіне куә болдық. Бұл азаматтар – бейбіт күннің нағыз батырлары. Оларға халқымыз шексіз риза.

Келе жатқан Жаңа жыл – қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Біз егемен еліміздің тарихындағы төртінші онжылдыққа қадам басамыз. Бұл – шын мәнінде, аса маңызды белес. Біз келешекте Қазақ елінің қуатын одан әрі арттыра түсеміз.  Барлық саладағы реформалар лайықты жалғасын табады. 

Менің басты миссиям – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін сабақтастыққа негізделген тиімді саясат жүргізу. Біз аспен де, таспен де ұлттық мүдделерімізді табандылықпен қорғаймыз. ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге толы болады деп сенемін.

Қымбатты отандастар! Осы бір ерекше сәтте бәріміздің арман-үмітіміз бір арнаға тоғысады. Бұл – мерекелік ақжарма тілек. Босағадан еніп келе жатқан жыл берекелі болсын! Тек жақсылық пен қуаныш әкелсін! Әрбір шаңыраққа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс тілеймін! Отанымыз өркендей берсін! 

Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!», – деді Тоқаев. 

Тегтер: жаңа жылҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевқұттықтау
Алдыңғы жаңалық

Ақтөбе облысы кенішіндегі қайғылы оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды

Келесі жаңалық

42 500 теңге сол күйі қалды. Зейнетақы 12%-ға дейін өседі. Әйелдер зейнетке 60 жаста шығады

Келесі жаңалық
Онлайн несие ойыншық емес. Жалғыз ЖСН арқылы кредит ала салуға тосқауыл қойылады

42 500 теңге сол күйі қалды. Зейнетақы 12%-ға дейін өседі. Әйелдер зейнетке 60 жаста шығады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться