Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды DalaInform.
«Барша отандастарымызды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз – бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз», – деп жазды Тоқаев твиттер аккаунтында.
Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз – бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 16, 2020
Бұған қоса елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтауын жолдаған болатын.