Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елге елші тағайындады, деп хабарлайды DalaInform Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;
Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;
Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипрдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.