Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды. Бұл жөнінде Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды DalaInform.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді. Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған», – деп жазды Уәли Facebook желісінде .