• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Тәуелсіздік 30: қуғын-сүргін құрбандары толық ақталу керек

Мемлекеттік хатшы Тоқаевқа мемлекеттік тілдің қолданыстағы мәртебесін көтеру жайын баяндады. Ұлт жаңғыра береді.

Саясат, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Тәуелсіздік 30: қуғын-сүргін құрбандары толық ақталу керек
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады деп хабарлайды Dalainform тілшісі Ақорда ақпаратына сүйеніп.

Мемлекет басшысына бүкіләлемдік пандемияға қарамастан ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асуы баяндалды.

Кездесуде Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

Арнайы мемлекеттік комиссия саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтауы тиіс. Қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіретіне арналған іс-шаралар өтеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функционалдық мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді тыңдады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлтты жаңғырту бағдарламасы ретінде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Президент Мемлекеттік хатшыға 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді бақылауда ұстауды тапсырды.

Тегтер: ашаршылықҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚырымбек Көшербаевлатын әліпбиімемлекеттік тілМемлекеттік хатшыРухани жаңғырусаяси қуғын-сүргінТәуелсіздікке 30 жыл
Алдыңғы жаңалық

«Неғылады, жей берсің!». Шикі ет жеген баланың ата-анасын құзырлы орындар іздеп жатыр (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Жұмысқа тұрған түлектерді зейнетақы орталығынан көріп отырамыз – білім министрі

Келесі жаңалық
Жұмысқа тұрған түлектерді зейнетақы орталығынан көріп отырамыз – білім министрі

Жұмысқа тұрған түлектерді зейнетақы орталығынан көріп отырамыз - білім министрі

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться