Ресейлік жекпе-жекпе өкілі Алихан Сулейманов кезекті спорт кешінен соң қазақстандық спортшыларға қарсы шығармауды сұрады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
«Қазақтармен және ингушетиялық жігіттермен төбелескім келмейді. Себебі Қазақстанның да атынан өнер көрсетіп жүрмін десем болады. Өйткені тарихымыз қазақ жерімен тығыз байланысты. Олар соңғы нанын бізбен бөлісті», – дейді көрші мемлекеттегі шешен ұлтының тумасы.
Алихан Грозный қаласының тұрғыны, «Ахмат» клубында жаттығады. 12 рет жеңіп, екі рет тізе бүккен.