Австралияның бірқатар штатында күннің ыстығы Цельсий бағанасы бойынша плюс 45 градусқа жақындады деп хабарлайды Dalainform тілшісі «Еуроньюс» арнасына сілтеме жасап.
Сондықтан кейбір өңірлерде, орман өрті тұтанып, бой бермей кетпеуі үшін от жағуға толық тыйым салынған.
«Өкінішке қарай, адамдар, былтырғы маусымнан соң орман өрттерінің қаупі жоқ деп санайды. Алайда Жаңа оңтүстік Уэльс штатының 90%-на өткен жылғыдай қатер төнуі мүмкін», – дейді полиция өкілі Дэвид Эллиот.
Тілсіз жау Сидней төңірегін жалмауы ықтимал. Себебі онда тарихта алғаш рет ең ыстық қараша түні тіркелген. Екі күн бойы, 1960 жылдан бері, ауа температурасы 39 градустан түспей тұр.