Шымкент полицейлері азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, деп хабарлайды DalaInform тілшісі құқық қорғаушылар сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 7 қыркүйекте түнгі уақытта болған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Өрт салдарынан дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келді.
«Осы факті бойынша Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігімен (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген polisia.kz сайтында.
Өткізілген жедел-іздестіру шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, тәртіп сақшыларына жеткізілді.
Айгүл ЕЛТАЙ