Египет (Мысыр) елінде Кафр-Шүкір қаласының абаттандыру департаментінің директоры бірнеше көшені өзінің күйеуі мен оның туысқандарының атына өзгертіп тастаған соң жұмысынан босатылды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Жергілікті тұрғындар шаһардың жаңа бас жоспарында осындай бассыздықты көріп, жаппай шағым түсірсе керек. Содан іс жағдайдың рас солай екені анықталса, заң жүзінде шара қолданатындай әкімшілік прокуратураның тергеп-тексерілуіне берілген.
Ал қызметтен қуылған шенеунік жала жабылды деп есептейді. Өйткені қала тұрғындарының бірі оған өштесіп, кек алмақ болған. Тіпті ол мемлекеттік қызметкерден асып түсіп, тұтас қаланың атын өзінің құрметіне қоюды ұсынған.
Жалпы, Мысыр елінде, бүгінгі таңда көшелер қоғам қайраткерлерінің, лаңкестікке қарсы күресте қаза тапқан әскерилер мен полиция өкілдерінің есімімен аталуда.