• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Шекарада форс-мажор. 7 мыңнан астам вагонның Қытайға өтпей тұрғанына 40 күннен асты

Жүктің бір жарым ай тұрып қалғанын құзырлы орындар ресми растамауда. Қытай тарапы да былқ етпеуде.

Экономика, Әлем, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Шекарада форс-мажор. 7 мыңнан астам вагонның Қытайға өтпей тұрғанына 40 күннен асты
Share on FacebookShare on Twitter

Қытай бағытында жол бойында қараусыз қалған вагондар саны 7 мың бірліктен асып түсті. Жүк тиелген вагондардың көбі 40 күн бойы бір орыннан қозғала алмай тұр деп хабарлайды Dalainform тілшісі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәлімдемесіне сүйеніп.

Отандық бизнес шығынға батып, қытай тарапынан серіктестер жеткізілім уақытының бұзылғаны үшін айыппұл саламыз деп қорқытып жатыр. Бұл ретте салалық ведомстволардың өкілдері дәрменсіздіктерін көрсетіп, орын алған жағдайды түсіндіріп беруді сұрап ҚХР үкіметіне кезекті рет сұратым жіберетіндерін уәде етті. Қазақстан сыртқы сауда палатасының мамандары форс-мажор жағдайын рәсімдеу үшін ресми құжаттар, шектеу туралы қаулылар қажет екенін түсіндірді. Басқа жағдайда жеткізілім мерзімін, келісімшарт бойынша міндеттемені бұзу форс-мажор деп тануға негіз болмайды.

«Северное зерно» ЖШС басшысы Евгений Карабановтың айтуынша, компанияның «Достық» станциясы бағытанда 17 вагоны тұрып қалған, кейбір вагонның кідіріп қалу мерзімі 42 тәуліктен асып түскен.

«Вагондардың бір бөлігі «Достық» станциясында, бір бөлігі Нұр-Сұлтан, Ақкөлде қозғалыссыз тұр. Қолымызда не Қазақстан тарапынан, не Қытай тарапынан ешқандай ресми құжаттар жоқ. Ресми хатсыз форс-мажор ережесін қолдану мүмкін емес, мемлекеттік органдар да жағдайды түсіндіруге асығар емес. Өкінішке қарай, ҚТЖ мемлекеттік орган емес, солардан берілген ақпарат форс-мажор жағдайын рәсімдеуге негіз бола алмайды. Біз жарты жылдан астам уақыт бойы экспорттаушыларға мұндай жағдай Қытай тарапынан вагондарды қабылдамау себепті орын алғанын растайтын құжат беріңіздер деп айтып келеміз», – деді ҚР ИИДМ өкілдеріне Евгений Карабанов.

Осы ретте Қытай серіктестері компанияның өтінішімен өз елінің билігіне жүгінген. Қытай тарапы Қазақстан вагондарды өз жібермей жатыр деп жауап берген.

«Вагондар келген бойда біз оларды босатамыз, деп жауап берген біздің серіктестерге», – деді спикер.

«Қазақстан астық одағы» ЗТБ өкілі Шоқан Бадыхан бұл мәселе әуелден бері қордаланып қалғанын, ал қазақстандық кәсіпкелерге екінші тарап келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны себепті айыппұл салынуы ықималдығын айтты.

«Соңғы мәліметтер бойынша біз ҚХР-мен кездесу болғанын және үкіметке ресми үндеу дайындалатыны туралы келісім жасалғанын түсіндік, келісімге қол жеткізілді ме? 2021 жылдың бірінші тоқсанында жағдай күн тәртібінде қалады және бұл біздің жұмысымызды қиындата түседі деген ақпарат бар», – деді Шоқан Бадыхан.

«КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымалдауды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғановтың айтуынша, жеткізуші тарапынан вагондарды дер кезінде беруде ешқандай проблема жоқ. Бұдан бөлек, ҚТЖ-да осыған дейінгі жасалған тыйымдар алынып тасталды. Бүгінде Қытай тарапы ашық вагондарды қабылдаудан баст тартуы себепті жабық вагондарға астық және майлы дақылдарды тиеуге ғана тыйым салынған.

«Вагондарымызды қытай тарапы қабылдамай жатыр. ҚХР тарапынан кешіктіру шекарадағы ковидке қарсы шараларды қатаңдатумен байланысты: ПТР тестілеу, жүкті тексеру. Тұтастай алғанда, компания тасталған вагондар, тиеу технологиясына қатысты жүйелі шешімдер қабылдауда, олар оң нәтиже беруде. Шекарада тәулігіне 6-7 пойыз ғана жіберіліп отырғанда біз 15 қарашадан бастап тәулігіне 12-13 пойыздың өтуіне қол жеткіздік, бұл шамамен тәулігіне 450-500 вагон. Біз Қытай теміржолымен үнемі байланыстамыз, алайда мәселе шешімін таппады», – деді Нұржан Келбұғанов.

ҚТЖ ұлттық тасымалдаушы ретінде Қытай үкіметіне ресми өтінім жасауға ниетті.

«Атамекен» ҰКП проблеманы шешуге көмек сұрап бірнеше рет Көлік комитеті мен Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Қытай тарапымен үкімет басшылары деңгейінде келіссөздер жүргізу туралы үкіметке хат жіберілді.

«Біз ҚХР-дағы ҚР Елшісінен және ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәселені шешуге көмектесуін немесе бізге ҚХР-дан тыйым салудың нақты күндерін көрсететін құжат беруін сұрадық, осылайша кәсіпкерлер серіктестерімен байланыста тиісті қағазбен шағымдана алып, айыппұлдардан құтылады. Бірақ бізге ешқандай ресми құжаттар келген жоқ», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП логистика және тасымалдау бөлімінің сарапшысы Дархан Мұратханов.

Оның үстіне «ҚХР бағыты бойынша жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау мәселелерін шешудің жол картасында» ҚХР көлік саласындағы уәкілетті органның теміржол көлігімен тасымалдаудың қиындықтары жайында хат ұсынуы туралы тармақ жазылған, бірақ тамыз айынан бастап Қытайдан бірде-бір қағаз түспеген.

Тегтер: айыппұлАтамекенжүк вагондарыкәсіпкерлеркоронавирусҚазақстанҚытайресми орындарресми түсініктемефорс-мажоршекарашығын
Алдыңғы жаңалық

Елімізде қауіпті ұйым бар: Ресейге қатысты тағы бір шу шықты

Келесі жаңалық

Жаңа жылда газдың бағасы көтерілмейді

Келесі жаңалық
Жаңа жылда газдың бағасы көтерілмейді

Жаңа жылда газдың бағасы көтерілмейді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться