• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Сенаторға дәрі-дәрмек қоймаларының қыруар қаржыға жалға алынатыны ұнамады (фото)

Ауылдарда дәрігерлер тапшылығы 84%-ды құрайды. Жас мамандардың жартысына ғана көтерме ақы төленген.

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Талдау, Экономика
Сенаторға дәрі-дәрмек қоймаларының қыруар қаржыға жалға алынатыны ұнамады (фото)
Share on FacebookShare on Twitter

Бір топ Сенат депутаты мен «СҚ-Фармация» компаниясының дәрі-дәрмек қоймаларын тексерді деп хабарлайды Dalainform тілшісі Жоғары палата сайтындағы ақпаратқа сүйеніп.

СҚ-Фармация қоймаларын аралау кезінде компанияның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев депутаттардың елімізде індет өршіген маусым, шілде айларында дәрі-дәрмектің жетіспеу себептері, осы бағыттағы проблемаларды шешу жолдары, ауруханаларға қажетті медициналық өнімдерді дер кезінде жеткізу, бағалар балансы туралы сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, СК-Фармация короновирустың екінші ықтимал толқынына дайындығын көрсетті. Сенаторлар гуманитарлық жүктің аймақтарға жеткізілу мәселесі, ауруханаларда КВИ мен пневмония дертіне шалдыққандарды емдеуге арналған жабдықтардың түгелдігін сұрады.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы пікірінше, СҚ-Фармация қоймаларын жалға алу үлкен бюджеттік шығындарға алып келеді.

«Қоймалардың көпшілігі, аймақтардағы дәрі сақтайтын орындар жалға алынады. Бұл өте көп қаражатты қажет етеді. Сондықтан артық шығынның алдын алу үшін «СҚ-Фармацияның» өз қоймалары болғаны дұрыс. Өйткені әкімшілік шығын үшін бір жылға 2 миллиард теңге деген өте көп», – дейді сенатор.

Жақында Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында, аталмыш депутат емдеу орындарында 4 мың дәрігер-реаниматолог, рентгенолог, пульмонолог және осы секілді сала мамандарының тапшылығы қатты білінетініне қынжылды.

«Ірі орталықтардағы және өңірлердегі ауруханалар мен емханаларда 800-ден астам инфекционистің орны бос тұр. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен 2018 жылы ауылдық жерлерге барған 706 (15%) жас маманның тек 355-іне ғана (50%) көтерме ақы төленген, 102 дәрігерге тұрғын үй бұйырды. Қазірде дәрігер кадрларымен қамтамасыз ету қалада 56,8% болса, ауылда бұл көрсеткіш 16,1% құрайды», – дейді ол.

Сонымен қатар, депутаттар жаңадан ашылған өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын құрастыратын «Қазақстан Аселсан инжиниринг» кәсіпорнында болып, жаңа қондырғылардың сапасына алаңдаушылық танытты.

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан дәріханаларды аралау кезінде сенаторлар дәрі-дәрмек қорына, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасына, карантин ережелерінің сақталуына ерекше назар аударып, келушілермен және медициналық қызметкерлермен сұхбат құрды.

Тегтер: ауылдәрі-дәрмекдәрігер тапшылығыдепутаттарқалақоймаөкпені жасанды желдетуСенатСҚ-Фармация
Алдыңғы жаңалық

«Өмін!». Тәңіршілдердің жаназасы елді қайран қалдырды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Азаматтардың атына кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

Келесі жаңалық
Азаматтардың атына кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

Азаматтардың атына кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться