• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сақ болыңыздар. Төрт облыста қатты аяз күтілуде

Мамандардың айтуынша, ауа температурасының күрт төмендеу ықтималдылығы 95-100%.

Пікір, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Сақ болыңыздар. Төрт облыста қатты аяз күтілуде

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

Share on FacebookShare on Twitter

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

25 желтоқсанда Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады. 26 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады.

26 желтоқсанда Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт түседі, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз болады, 27 желтоқсанда түнде 32-37, кей жерлерде 40 градус қатты аяз күтіледі.

26 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады. 27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аяз болуы мүмкін.

26 желтоқсанда Шығыс-Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градус дейін күрт төмендейді, аяз болады. 27 желтоқсанда 37-42 градус қатты аяз болады.

«Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%», – деп ескертеді Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Құзырлы мекеме ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеуге кеңес береді.

* Ауа райының күрт нашарлауы туралы ескерту алғаннан кейін туыстарыңыз бен көршілеріңізді ескертіңіз, өйткені олар бұл туралы естімеген болуы мүмкін.
* Қатты аяз болған жағдайда далаға шықпаңыз, жеке автокөлікпен ешқайда бармаңыз.
* Егер сізге әлі де сыртта жүру керек болса, үсік алмас үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз.
* Аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және шарфсыз шықпаңыз. Су және суық өткізбейтін, іші жылы биялай киген дұрыс. Табиғи материалдан тігілген қолғаптар ыңғайлы болса да, аяздан сақтамайды. Бет пен иекті шарфпен қорғауға болады. Желді суық ауа райында сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерін арнайы крем жағыңыз.
* Аязда металлдан (соның ішінде алтын, күміс) жасалған әшекейлерді – сақиналар, сырғалар және т.б. тақпаңыздар. Біріншіден, металл тез суық тартады, салдарнан теріге жабысып, адам жарақат алуы мүмкін. Екіншіден, саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді. Жалпы, аязда жалаңаш терінің металмен жанасуын болдырмауға тырысыңыз.
* Желден қорғану керек, себебі желде үсіп қалу қатері әлдеқайда жоғары.
* Табаны сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз, қажет болған жағдайда табанға жабысқақ лейкопластырь салыңыз.
* Абай болыңыз, әсіресе көшелерден, қиылыстардан өткен кезде, тек «өтуге болады» деген белгісі бар жерден өтіңіз, өйткені жүріп келе жатқан көлікті тоқтату үшін уақыт қажет.

«Есіңізде болсын! Қатты аяз және көктайғақ кезіндегі жол аса қауіпті орын болып табылады. Өз өміріңізді сақтаңыз. Балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы ойланыңыз», – дейді мамандар.

Тегтер: Ақмолаауа райыаязескертуҚазгидрометпавлодарСҚОТөтенше жағдай министрлігіШҚО
Алдыңғы жаңалық

Елімізде студенттік билеттер электронды форматқа ауысты

Келесі жаңалық

Алдағы жексенбіде елордада автобустар жүреді

Келесі жаңалық
Алдағы жексенбіде елордада автобустар жүреді

Алдағы жексенбіде елордада автобустар жүреді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться