Астанадағы «Барыс» хоккей клубында жаңа COVID-19 деректері анықталып, жалпы сырқаттар саны 19-ға жетті деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Оларда ауру нышандары жоқ, амбулаторлық деңгейде ем алуда. Атап өтерлік жайт, барыстықтар қатарында швециялық Хенрик Карлссон, канадалық Мэттью Фрэттин сияқты шетелдік хоккейшілер ойнайды.
Стадион аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлерге сақтық шаралары түсіндірілген.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов болса, Қазақстанда сырттан әкелінген коронавирус деректерінің тіркелмегенін айтады.
Құзырлы мекеме елге әуе және авто сынды көлік түрлерімен келетін жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді.