• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Қыздардың антисептиктен улануы: интернат қызметкерлері жұмыстан шығарылды

Бір бала көз жұмған еді

Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам
Қыздардың антисептиктен улануы: интернат қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодарда қыздар уланған орталықтың 4 қызметкері жұмысынан босатылды. Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы баспасөз жиынында осылай айтты, деп хабарлайды DalaInform pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өздеріңізге белгілі, 2 қаңтарда Павлодардағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында қайғылы жағдай орын алды. 3 қыз уланып, біреуі көз жұмды. Ол ата-анасының қамқорынсыз қалған қыз. Ата-анасы құқығынан айырылған. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 371 бабы – «ауыр жағдайға әкелген жұмысқа салақ қарауға» сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Дінислам Болатханұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір аталған орталықтың 1 медбикесі, 2 тәрбиеші көмекшісі, күзетші жұмысынан кетті. Орталық басшысы жұмыстан босату туралы өтініш берген.

«Бұл қызметкерлер өз еріктерімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Әрі қарай жұмыс жасағысы келмейді», – деді Дінислам Болатханұлы.

Уланған қыздар Павлодардағы облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына өткен жылдың қазан айында келген. Бір қыз әрі қарай Шығыс Қазақстан облысындағы «девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына» жіберілуі керек болған.

Атап өтсек, өткен жылы аталған орталықта бөлмелерге бейнебақылау камераларын орнату бойынша көпшілік арасында дау туған болатын.

«Менің жатын бөлмелерде бейнебақылау камералары болған кезде бұл жағдайдың алдын алу мүмкін болар ма еді деген жеке ойым бар. Алайда, бұл мәселе өткен жылы резонанс тудырып, шешім бойынша камераларды алып тастағанбыз. Бірақ заң талабына сай орталық аумағы, дәліздер көрініп тұратындай камералар бар», – деді Дінислам Болатханұлы.

Сондай-ақ басқарма басшысы қыздардың антисептик ішіп уланғанына қатысты пікір білдірді.

«Балалар антисептик ішеді деген ешкімнің ойына үш ұйықтаса да келмейді. Алайда антисептик барлық жерде қолжетімді орында тұру керек. Ол соған арналған. Кірген кезінде антсептикті қолданып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл сабақ болды», – деді Дінислам Болатханұлы.

Павлодар облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға арналған 2 орталық бар. Орталықтарда 73 бала тұрады. Павлодардағы орталықта – 29, Екібастұздағы орталықта – 44 бала бар. Орталыққа 3-18 жас аралығындағы балалар келеді. Орта есеппен әр бала орталықта 3-6 ай аралығында болады. Оған қоса, орталықта тұрақты болатын топ бар. Ол топта 10 бала бар.

2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз жеткізілген еді. Ол облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан ес-түссіз күйде жеткізілді. Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады.

Тегтер: антисептиктен улануҚазақстанқыздарпавлодар
Алдыңғы жаңалық

Қарағанды кәсіпорны темір кенін Қытайға заңсыз сатқан (видео)

Келесі жаңалық

Дәрігерлер қазасы: Алексей Цой көңіл айтты

Келесі жаңалық
фото: ДСМ

Дәрігерлер қазасы: Алексей Цой көңіл айтты

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться