ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ҚХР-дан келген қандас ҚР азаматтарына жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан адамдар тобы анықтағанын мәлімдеді деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Өңірдегі Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, ол құжаттардың Қазақстанда әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретіні айқындалған.
Оқиға орнын тексеру барысында, ҚХР-дағы еңбек өтілін растайтын құжаттар, көрші елдің әртүрлі ұйымдарының мөр бедерлері, нотариалдық қағаздар, станок және басқа да заттар тәркіленіп алынған.
«Аталған бұйымдардың көмегімен, әртүрлі қосалқы жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу және неке қию туралы куәліктер) жасалынған», делінген агенттік ақпаратында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram