Қырғызстанда парламент сайлауынан наразылық танытқандар жаппай ереуілге шығып, Президент резиденциясына (және Парламент отыратын аумақ) басып кірді деп хабарлайды Dalainform тілшісі дереккөздерге сілтеме жасап.
Милиция бас көтерушілерді көзден жас ағызатын газбен, резеңке оқпен, басқа да құралдармен тарқатуға тырысқанымен, нәтиже бермей, қарсы тарап тас жаудырды. Күштік құрылымдардың кейбір бөлігі, милиция мен арнайы жасақ сарбаздары митингке қатысушылар жағына ауысты.
Жарақаттанғандар саны жүзден асып жығылады. Тіпті медициналық шұғыл жәрдем қызметкерлері зардап шекті. Соңғысы сорақылыққа оппозиция арандатушыларды кінәлауда.
Президенттің өзі Сауранбай Жиенбеков бүгін сағат 11.00-ге сайлауға қатысқан барлық 16 партия көшбасшыларын жинап, шұғыл жиналыс өткізбекші. Оның баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева, мемлекет басшысының Бішкекте екенін, түннің бір уағына дейін Жоғарғы кеңестегі жұмыс орнында саяси бірлестіктер өкілдерімен жеке кездесулер өткізгенін жеткізді.
Сонымен қатар, ереуілдеушілердің Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын басып алып, бұрынғы ел басшысы Алмазбек Атамбаевты босатқаны жайлы ақпарат тарауда.
Осы орайда айта кетерлігі, оның ұлы алаңға шыққандармен бірге болса, қызы Әлия Шағиева әлеуметтік желіде сайлауды мойындамауға шақыруда.
Еске сала кетсек, Қырғызстан орталық сайлау органының мағлұматынша, парламентке 7 пайыздық межені бағындырған төрт партия өтіп тұр. Оның ішінде билікке жақын дейтін «Биримдик» және «Мекеним Кыргызстан» партиялары әрқайсы 24% дауыс жинады. Осы орайда бұған дейін «Биримдик» партиясының жетекшісі Марат Аманқұловтың еуразиялық ықпалдасу жайлы сөзі қырғыз қоғамының наразылығын туғызған еді.
Қазақстаннан Қырғызстандағы сайлауға бақылаушы ретінде Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман, Дархан Мыңбай және Арман Қожахметов қатысты. Сенат өкілі көрші елдегі сайлауды мақтап, жоғары деңгейде өтті деп бағалады.
Кеше ТМД елдерінің Парламент аралық ассамблеясы бойынша Қырғыз елінде болатын Парламент ( Жоғары Кеңес) сайлауына…
Опубликовано Муратом Бактиярулы Воскресенье, 4 октября 2020 г.