8 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасына Бесқайнар ауылындағы шаруа қожалығының бірінде иесінің жыртқыш арыстанды ұстап отырғаны туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Содан табиғатты қорғау жөніндегі тәртіп сақшылары шағым бойынша белгіленген мекен-жайды тексеруге барғанда ақпарат расталған.
Мамандардың айтуынша, арыстан көлемі 5×10 метрлік қоршауға қамалған, жағдайы жақсы. Аңның иесі – Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны.
Полицейлер жыртқыш аңды заңсыз ұстау бабы бойынша деректі тіркеп, енді оны әрі қарай қайда апару жағы қарастырылуда.