Төбеттер алғаш рет отандық полиция қызметінде қолданыла бастады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
“Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр”, – дейді ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.
Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Елорда полициясының кинологиялық орталығында 38 ит ұсталуда. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары.
Кинолог мамандардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.