Кешелі бері желіде Украина елінің Василиий ныспылы өкілі мен Қазақстанның Қостанай қаласының Кирилл есімді тұрғынының тілдесу сәті тарап, жұртшылық наразылығын тудырды. Онда қостанайлық қазақ халқын маймылға теңеп, тілін мазақ етті деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Көп ұзамай артынан оның жүні жығылған күйі кешірім сұрап, мас болғанын айтып ақталғаны түсірілген бейнежазба пайда болды. Ол бастапқы роликте аузына келгенімен былапыт сөйлеп, жергілікті халықтың, яғни көршілерінің ар-намысына тиеді.
Оған қарағанда украин блогері қазақтармен кездескенде жағымды пікір қалдырғанын, оларды қатты сыйлайтынын жеткізді.
Опубликовано Samat Nordman Nurtaza Вторник, 22 сентября 2020 г.