Украина астанасы Киев қаласында қоғам белсенділері трамвай жолымен жүрген Қазақстан елшілігі қызметкерін тоқтатуға тырысты деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Дегенмен, ҚР төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаевтің кеңесшісі Думан Қызыр, бір топ адамды айналып өтуге тырысып, оқиға орнынан кетіп қалды. Осылайша жол-ережесін бұзды деп елшілік есігін аңдып жүрген «Зупини лося» (қарапайым мағынасы «Есекті тоқтат») қоғамдық қозғалысы өкілдері ескертулерінің еленбегеніне ренжулі.
«Оның жолын белгілісіз адамдар бөгеді. Бәлкім оларда қару бар шығар?! Ол тиісті нұсқаулық аясында әрекет етті. Шұғыл қатер аумағынан кету керек болды оған. Лаңкестік күштер арандатуға баруы мүмкін.
Киев көшелерінде инфрақұрылымдық жаңашылдықтар, өзгерістер бар. Кейбір жерлерді біле қоймаймыз. Келесі жолы бұлай қайталамауға тырысамыз», – дейді Қазақстанның Украинадағы елшілігінің маманы Сергей Коновалов.