Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерланд Королі Виллем-Александрға салтанатты түрде сенім грамоталарын тапсырды деп хабарлайды Dalainform тілшісі Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйеніп.
Рәсімнен кейін «Нордеинде» сарайында дипломаттың монархпен екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған басым мәселелерді талқылады.
Қабылдауға еріп барған елшінің жұбайы, Қазақстанның Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмидің үлкен қызы Айнұр Мәми кездесуді ертегіге балап, әсерімен бөлісті.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың жаз айларында Асқар Жұмағалиевті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатып, күзде Нидерланд еліне елші етіп тағайындады.