Еліміздегі тиісті мәселе бойынша жалғыз мекеме Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бүгінгі таңда қазақстандықтардың зейнетақыға қанша қаржы жинағанын және оның құрылымын ұсынып отыр деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Сонымен, 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939-ы – ерлер болса, 5 254 671-і – әйел адамдар. Олардың жалпы жинағы 11 942 813 млн теңге, оның ішінде 7 040 032 млн теңге ер азаматтарға тиесілі, ал 4 902 781 млн теңге – әйелдердің шотында жатыр.
Мына сомадағы зейнетақы жинақтарына:
500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;
501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін – 1 590 837 адам;
1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін – 2 348 114 адам;
3 млн – 5 млн. теңгеге дейін – 634 188 адам;
5 млн – 8 млн теңгеге дейін – 238 931 адам;
8 млн теңгеден асатын сомаға – 151 908 адам ие болуда.
«Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге. Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 млн теңге, ал әйелдерде 4,4 млн теңге», делінген БЖЗҚ мәліметінде.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатындықтары туралы айтқаны белгілі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы шотындағы артық қаржыны шешу үшін әр жас мөлшеріне қатысты «жеткілікті сома» шектерін жариялады.
Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер түпкілікті қабылданбақ.
Зейнетақы шотынан үзінді ақпарат алу үшін www.enpf.kz сайтында жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен электрондық поштаңызды және қажетті жинақ мерзім аралығы жайлы тересіз.