Көмірсутектерді, яғни мұнай-газды барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукционда кімнің жеңімпаз болғаны анықталды деп хабарлайды Dalainform тілшісі «Қазсервис» мұнай-сервис компаниялары қауымдастығының ақпаратына сүйене отырып.
Мәселен 2 телім бойынша рекордтық 50 млрд теңге бөлген «Petro Qazaq» ЖШС оффшорлық компания болып шықты.
Ал қалған телімдерге иелік еткен қазақстандық инвесторлардың арасында бәссаудаға ертерек қамданған, Forbes рейтингінің тұрақты қатысушылары Сейітжановтар және Тәтішевтер отбасылары аталады.
Энергетика министрлігі жерге меншік құқығы емес, оның қойнауын пайдалану құқығы ғана берілетінінін мәлімдеді. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.