• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Қазақстанда карантин қайта күшейтілуде. Астанада 14 қазаннан бастап жаңа шектеу шаралары басталды

Санитарлық талапты сақтамаған ұйымдардың қызметі дереу тоқтатылмақ.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Нұр-Сұлтанда ҚДТ жақтастары наразылық өткізбек болды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгіннен бастап, яғни 14 қазан Нұр-Сұлтан қаласында жаңа карантиндік шаралар күшіне енді деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Елорда әкімі Covid-19 індетін жұқтыру қаупінің жоғарылауы мен науқастардың санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеулер қабылданғанын жазып отыр.

Біріншіден, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс тәртібіне ауыспақ. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды осындай жұмыс уақытына ауыстыруы қажет. Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары – ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитария-эпидемиология нормаларының қатаң сақталуын бақылау керек.

«Екіншіден, кафе, дәмхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Толтырылуы 30 орыннан артық емес», – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және тағы басқа сәйкес тараптардың жұмыс кестесі сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін) болмақ.

Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге тек жұмыс күндері 18 сағатқа дейін жұмыс жасау рұқсат етіледі.

Монша, бассейн бар сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19: 00-ге дейін. Алдын ала жазылу міндетті.

«Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады», – дейді қала басшысы.

Үшінші. Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесе күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын ұстану бойынша заңбұзушылық деректерін анықтау жұмысын күшейтпек.

Рейдтер көптеген нысандардың санитария-эпидемиология ережелерін қатаң сақтамай жатқандығын көрсеткен. Ұйымдар эпидемиялық талаптарды бірнеше рет бұзған деректер кездескен. Олардың қызметі дереу тоқтатылмақ.

Тегтер: Covid-2019Алтай Көлгіновкарантинқашықтан жұмыс істеуқоғамдық көлікНұр-Сұлтан қаласыполициярейдсанитарлық талаптаршектеу шаралары
Алдыңғы жаңалық

Құс тұмауы: Зардап шеккен шаруаларға өтемақы төлене бастады

Келесі жаңалық

Жаңа iPhone 12 таныстырылды. Ол 5G ұстайтын болмақ (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Жаңа iPhone 12 таныстырылды. Ол 5G ұстайтын болмақ (ВИДЕО)

Жаңа iPhone 12 таныстырылды. Ол 5G ұстайтын болмақ (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться