Алматыда есірткінің заңсыз тасымалымен күрестің дүниежүзілік тарихында екінші рет героинның аса ірі көлемі жойылды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Оның жалпы салмағы 1,1 тоннадан асып түсті.
Есірткіні қазақстандық қаржы мониторингі комитеті Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларуссия, Литва, Польша және Нидерланды құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеп отыр.
«2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландыға жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған», делінген хабарламада.
Аталаған есірткінің бір бөлігі, комитет қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізіліп, мұнда тауарды алу кезінде Түркия елінің азаматтары ұсталған.
Қазіргі уақытта аталған іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.