• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Орталық Азия

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына 30 жыл толды

Тәуелсіздік жылдарындағы барлық 5 мүфти бір жерге жиналды.

Пікір, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Орталық Азия
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына 30 жыл толды
Share on FacebookShare on Twitter

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай халықаралық конференция өтті деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

2020 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды.

Ширек ғасырдан астам мерзімде елімізде 2714 мешіт ашылған. Саладағы қызметкер саны 4 мыңнан асқан. 9 медресе-колледж бен 6 қарилар даярлау орталығы ашылып, «Нұр Мүбәрак» университеті мен Ислам институтының жемісті еңбегінің арқасында кадр тапшылығы толық шешімін тапқан.

«Біз 30 жылдық мереке аясында баспанаға аса мұқтаж 30 отбасыға пәтер кілтін табыстадық. Жомарт жандардың демеушілігімен 30 елдімекенге көпір салдық. Оқуда озат болған, көмекке зәру отбасыдан шыққан 30 шәкіртке мүфтият грантын табыстадық. Республика бойынша 30 мың ағаш көшетін отырғыздық. «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында 1000-ға жуық өкпені жасанды тыныстандыратын аппаратты тиісті орындарға жеткіздік. Бұдан басқа өңірлерде түрлі деңгейде қайырымдылық шаралар жүзеге асты. Діни басқарма 30 жылда рухани ордаға айналды», – деп атап өтті бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Діни басқарма жетекшісі осы жылдың 10 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, жамағат арасында «Ихсан» ілімін, ал жалпы халыққа Абайдың кемел адам тұжырымдамасын кеңінен насихаттау жайлы бастамасын жеткізгенін айтты. Президентке Қазақстанда Ислам академиясын құру, Ислам және теология кітапханасын салу, еліміздегі мешіттердің сәулетін қазақы салт-санаға сай қалыптастыру туралы ұсыныстар жасалған. Президент бұл бастамаларды қолдап, сәттілік тілеген.

Осы орайда, ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаздар – мүфтиятты әр жылдары басқарған Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораздың кеуделеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, иықтарына шапан жапты.

Конференция қорытындысында арнайы үндеу қабылданды.

Тегтер: 30 жылАбайӘбсаттар қажы ДербісәлібаспанабілімЕржан қажы МалғажыұлыжамағатИхсанконференцияҚазақстан мұсылмандары діни басқармасықайырымдылықҚасым-Жомарт ТоқаевҚМДБмешітмүфтиятНаурызбай қажы ТағанұлыпрезидентРәтбек қажы Нысанбайұлырухани ордаСерікбай қажы Ораз
Алдыңғы жаңалық

Тағы да газ баллоны жарылды. 8 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Тіл жанашырын жындыханаға қамамақ болған шенеунік жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Тіл жанашырын жындыханаға қамамақ болған шенеунік жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

Тіл жанашырын жындыханаға қамамақ болған шенеунік жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться