Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Армения-Әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды DalaInform ведомствоға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз», – делінген ақпаратта.