• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Қазақстан әлем алдында жемқорлықпен күрес көрсеткіштерін жақсартып отыр

Еліміз ТМД елдері арасында Армения мен Беларусь елдеріне ғана жол беріп, Қытай мен Ресейді және Украинаны артта қалдыруда.

Экономика, Әлем, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Пікір, Саясат, Талдау
Қазақстан әлем алдында жемқорлықпен күрес көрсеткіштерін жақсартып отыр

Көрнекі сурет

Share on FacebookShare on Twitter

Дүниежүзілік банк «Мемлекеттік басқару индикаторлары (the Worldwide Governance Indicators, WGI)» жыл сайынғы зерттеуін жариялады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, Қазақстан екінші жыл қатарынан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы (СБИ) бойынша қарқынды өсімді көрсетіп отыр деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Ағымдағы индексте еліміз пайыздық дәрежені 36-дан 43,8%-ға дейін жақсартқан.

Осылайша Қазақстан индекстің төменгі үшінші бөлігінен оның ортасына едәуір жақындауда.

«Бұл көп жағдайда елдегі жемқорлық деңгейін төмендету, ең алдымен алдын алу және ағарту, сонымен қоса, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан жүйелі әрі кешенді шараларға байланысты», делінген хабарламада.

Зрттеулері негізінде СБИ құрылатын ұйымдардың көпшілігі Қазақстанның соңғы жылдағы жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін оң бағалаған. Мысалы, PRS Group желісі бойынша Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші 1,5 есе өссе, IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан ұқсас индикатор бойынша өзі үшін рекордтық 27-орынға ие болған.

Зерттеу аясында әлемнің 214 елінде оның сапасы мен тиімділігі бағаланады.

ТМД елдері арасында Қазақстан тек Беларусь (53,8) пен Арменияға (50) ғана жол бере отыра, Молдова (29,8), Украина (26,4), Ресей (21,6), Әзірбайжан (19,7), Қырғызстан (17,3), Өзбекстан (14,4), Тәжікстан (9,1) мен Түрікменстан (3,8) елдеріне қарағанда айтарлықтай жоғары орналасқан.

Қытай (43,3), Бразилия (42,3), Тайланд (39,4), Индонезия (38), Моңғолия (37,5), Египет (27,9) және бұрын Транспаренси Интернешнл сыбайлас жемқорлықты түйсіну (СТИ) индексінде біршама жоғары орынға ие болған басқа да мемлекеттер біздің елден төменірек орналасқан.

Сыбайлас жемқорлықты бақылау жөніндегі шаралар тиімділігі жағынан сөзсіз әлемдік көшбасшыларына келетін болсақ, рейтингті 100% көрсеткішпен Жаңа Зеландия бастап тұр. Бұдан басқа, көшбасшылар ондығына Сингапур, Финляндия, Швеция, Люксембург, Дания, Норвегия, Нидерланды, Швейцария және Лихтенштейн кіреді.

Тегтер: WGIАрменияБеларусьДүниежүзілік банкжемқорлықжемқорлықпен күресҚазақстанҚытайРесейСингапурУкраинаШвейцария
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан Ауғанстанның 8 өлкесіне көмек көрсетті

Келесі жаңалық

Мамин санитарлық шараларды күшейтуді тапсырды

Келесі жаңалық
Мамин санитарлық шараларды күшейтуді тапсырды

Мамин санитарлық шараларды күшейтуді тапсырды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться