Бірқатар Ресей саясаткерінің қазақ жеріне байланысты оғаш пікірінен соң Қазақстан азаматтары атқа мініп, көк туды желбіретті деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Кенесары ауылынан басталған ар-намыс шарасы тұтас елге тарап, қалың бұқара қорғаны болатын қазақ жігіттері жер-жерден үн қосуға кірісті.
Ұлттық киім көркін келтірген жастар жағы мен ел ағалары ақсақалдардың батасын алып, сайын даланы ат тұяғының дүбіріне бөлеп, оларды әр жерде қызу қарсы алуда.
«Батыр бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған қасиетті жеріміз бізге аманат. «Менің Отаным, менің туым» халықтық бастамасын қолдаймыз. Егемендігіміз мәңгі болсын!», – дейді түлкі тымақ пен саптама етік, зерлі шапан киген ел тұрғындары.